Аудандық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22 қарашада «Әдеби мәтіндермен жұмыс: талдаудан түсіндіруге» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар жұмысына АӘК әдіскерлері, аудан мектептерінің бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Семинар барысында Береговой НЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері Н. А. Герасименко, А.А. Богомол және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Г. Ж. Беркбаева әріптестерімен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Надежда Анатольевна мен Гаухар Жуматаевна сәйкесінше әдеби оқу және әдебиет пәні бойынша ашық сабақтар өткізді. Александра Александровна әріптестерінің назарына К. Чуковскийдің шығармашылығы бойынша әдеби қонақ бөлмесін ұсынды. Сондай-ақ, семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Герасименко Н.А. (Лесной ЖОББМ), Немлиенко О.В. (Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББМ), Ибраева А.К. (№1 ЖОББМ), Лещева А.Я. (Мыңкөл НЖББМ) тәжірибелерімен алмасты. Семинар соңында Г.Ж. Беркбаева «Әдебиет сабақтарында мәтінмен жұмыс» шебер сағатын өткізді. Аудандық семинардың қорытындысын ӘАК әдіскері Н.Б. Битенова және Береговой НЖББМ басшысы Г.Е. Сагандыкова жасады. Аудандық семинарды ұйымдастыру және өткізу жағдай жасағаны үшін Береговой НЖББМ әкімшілігі мен ұжымына Алғыс білдіреміз, шығармашылық жетістіктер тілейміз!