2024 жылғы 29 қарашада «Моисеев НЖББМ» КММ базасында аудандық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Шағын жинақты мектеп жағдайында оқу-тәрбие процесінде жасанды интеллектті қолдану ерекшеліктері»тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарды Моисеев НЖББМ басшысы А. К. Жұмабаева ашты. Алма Касымовна қатысушыларды семинардың мақсаттары, міндеттері және бағдарламасымен таныстырды. Әрі қарай семинарға қатысушылар мен қонақтар, олар: АӘК әдіскерлері, Захаров НЖББМ, Береговой НЖББМ, Аққайың ауылының НЖББМ, Пятерыжск НЖББМ педагогтері ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарына қатысты. Семинар барысында келесі ашық сабақтар өткізілді: орыс тілі, 9-сынып (мұғалім Иманкулова К.И.), ағылшын тілі, 6-сынып (Аттоу Р. А.), жаратылыстану, 3-сынып (Альберти Л. П.), қазақ тілі, 4-сынып (Жагопарова М.С.), география, 9-сынып (Путинцева Л. А.), химия, 8 сынып (Карибаева К.Е.). 5-6 сынып оқушыларына арналған спорттық сабақты дене шынықтыру мұғалімі А. Н. Лысенко көрсетті. Шеберлік сағаттарды мектеп басшысы, информатика пәні мұғалімі А.К. Жумабаева, Гомер Н.А. — мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі, Л. Шалабаева-бастауыш сынып мұғалімі, Ю. В. Борякин-көркем еңбек пәні мұғалімі өткізді. Мектептің педагог-психологтері Г. К. Жумашева мен О. А. Костюкова тиісінше дөңгелек үстел мен тренинг өткізді. Семинар барысында теория практикамен ұштастырылып, мектеп мұғалімдерінің тәжірибе алмасу формалары белсенді қолданылды. Қатысушылардың назарын көркем еңбек мұғалімі Ю. В. Борякиннің жетекшілігімен мектеп оқушыларының шебер жасаған қолөнері аударды. Семинар қорытындысын АӘК әдіскерлері жасады, тілектерін білдірді , ұсыныстар берді, сондай-ақ білім бөлімінің сертификаттарын табыс етті.Семинар мазмұнның тереңдігімен, тығыздығымен және тиімділігімен ерекшеленді. Аудандық семинарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Моисеев НЖББМ әкімшілігі мен ұжымына Алғыс білдіреміз, кәсіби және шығармашылық табыс, көңілділік, үлкен табыс тілейміз!