Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Отан қорғаушылар күніне арналған гала-концерт аясында ауданда «Батыл жүрек»әскери-патриоттық ән фестивалінің іріктеу туры өткізілді. Іс-шара Железин № 2 ЖББОМ базасында өтті. 8-10 сынып оқушылары үшін батылдық сабағы өткізілді, оған Павлодар облысының «Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының директоры Б.Н.Майкотов және облыс пен ауданның интернационалист-жауынгерлері А.С.Жаналинов, А.Г. Кашурный, М.Б.Каскирбаев, С.А.Сулейменов және басқалар қатысты. Іс-шара барысында интернационалист-жауынгерлер өздерінің жауынгерлік жолы, Ауғанстан туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Әрі қарай фестивальдің іріктеу туры өтті, оған аудан мектептерінен тоғыз оқушы мен вокалдық топтар қатысты. Қазылар алқасының құрамына Павлодар облысының «Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының директоры Б.Н.Майкотов, Павлодар қаласының №1 музыка мектебінің оқытушысы В.Галактионов, әнші және композитор Нұрлан Есембаев кірді. Қазылар алқасының шешімімен Павлодарда 22 қыркүйекте өтетін гала-концертке Екішок НЖББМ оқушысы Ақбота Кенжебай таңдалды.