Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылдың 13-қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2022-2023 ББЖМ нәтижелері бойынша іріктеліп алынған жетекші мектептерге жетекшілік ететін аймақтық тәлімгерлермен кездесу өтті, онда жетекшілік ететін 1000 мектеппен жұмыс жасау бойынша тәлімгерлердің басым міндеттері жарияланды және іс-шаралар жоспары ұсынылды.  Тәлімгерлердің жоспарда көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін мектепшілік бақылау жұмысын үйлестіретініне баса назар аударылды.  Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.  Республикалық әдістемелік шараның жұмысына Железин ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Г.А.Машкова  қатысты.