2024 жылдың 26 қыркүйегінде М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББ мектеп базасында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректордың м.а. Жанбол Жилбаев және жас мамандар қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шара білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибені жетілдіруге, мамандарды даярлауға және білім сапасын арттыруға бағытталды. Ректордың м.а. құттықтау сөз сөйлеп, жоғары білім стандарттарына қол жеткізу үшін оқу орындары мен жас мамандардың өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында жас мамандар жұмыстағы алғашқы жетістіктері мен қиындықтарымен бөлісті. Қатысушылар педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және біліктілігін жетілдіру жүйесін дамыту арқылы оқу тәжірибесін жақсарту перспективаларын талқылады. Кездесудің қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру және кәсіби байланыстарды нығайту мақсатында осындай іс-шараларды жалғастыру туралы шешім қабылданды.