2024-2025 оқу жылы қарсаңында 29 тамызда «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбындағы тамыз коллегиясы өтті.
Педагогтар алдында аудан әкімі Айтұған Абылайұлы Шайхимов, білім беру бөлімінің басшысы Маржан Қадырқызы Алшимбаева, кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Ермекұлы Кәрібаев сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер марапатталушыларға грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті, сондай-ақ жаңа оқу жылымен құттықтады!