26 қараша күні Железинка ауылының К.Әлсейітов атындағы АМҮ базасында «Есірткіге қарсы жылжымалы кеңес беру пунктінің» жұмысы өтті. Оның негізгі мақсаты халық, жастар, сондай-ақ мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысудың құқықтық негіздерін түсіндіру болды.