Железин ауданында 2024 жылдың 16 қыркүйегінде М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББ мектепте Павлодар облысы білім басқармасының мониторингтік тобымен «Біртұтас тәрбие» тақырыбында жұмыс кездесуі өтті. Осы бағдарлама бойынша мектеп басшыларымен, басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен және әдіскерлерімен, сонымен қатар қосымша ұйымдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тәжірибелік семинар барысында қатысушылар сұрақтарына жауап алды. Барлық семинар қатысушыларына әдістемелік ұсыныстар берілді. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_pvl #біртұтас_тәрбие_zhelezinka