2024 жылдың 20-қыркүйегінде «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық — шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі 12 секция (1. Қазақ тілі мен әдебиеті; 2. Орыс тілі мен әдебиеті; 3.Ағылшын тілі; 4. Математика, қолданбалы математика; 5. Физика, космос; 6. Туризм және спорт; 7. Тарих, өлкетану; 8. Этномәдениеттану; 9. Химия, биология; 10. Медицина, психология, экология; 11.Информатика, робототехника, SТEM-инженерия; 12. Технология және өнер) бойынша 48 жоба ұсынылды.
І орынға ие болған оқушыларымыз: Аққайың селосының НЖББМ-нің оқушысы Сәрсенбаев Ильяс, №1 ЖОББМ-нің оқушысы Касымжанова Сабина, №1 ЖОББМ-нің оқушысы Абдухакова Маргарита, №2 ЖОББМ-нің оқушысы Вагнер Арина, Прииртышск ЖОББМ-нің оқушысы Ишина Злата, М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің оқушысы Орымбай Куаныш, Веселая Роща ЖОББМ-нің оқушысы Мизев Матвей, Прииртышск ЖОББМ-нің оқушысы Баужанова Руфина, М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің оқушысы Қайырбек Ерсұлтан.
ІІ орынға ие болған оқушыларымыз: М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің оқушысы Сейтқызы Фариза, М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің оқушысы Еркебай Кәусар, №1 ЖОББМ-нің оқушысы Путинцева Кира, М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің оқушысы Кусаинова Кәусар.
ІІІ орынға ие болған оқушыларымыз: №1ЖОББМ-нің оқушысы Исупов Евгений, Аққайың селосының НЖББМ-нің оқушысы Мейрам Әмір, М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің оқушысы Мәлік Рамазан, №1 ЖОББМ-нің оқушысы Булатбаева Салтанат. Ш. Уәлиханов ат. ЖОББМ-нің оқушысы Сагадатов Руфат.
Жүлделі орын алған оқушыларымызды құттықтаймыз!