Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылдың 14 маусымында Павлодар қаласында «Жас құтқарушы-2023» облыстық жарысы өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты-төтенше жағдайлар туындағанда дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру.

Жарысқа 11 команда — қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Балалар күрделі практикалық тапсырмаларды орындап, теориялық конкурстарға қатысты. Жарыс бағдарламасына «Визит карточкасы», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Жауынгерлік өрістеу», «Су айдынындағы құтқару жұмыстары», «Өрт эстафетасы» және «Қабырға газеттері» кезеңдері кірді.
Ауданымыздың намысын Железин №1 ЖОББМ, Железин №2 ЖОББМ 9-10 сынып оқушыларынан құралған командалар қорғады.Сайыс соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталды.  Командалық есепте біздің команда 4-орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша командалар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.