Железин ауданында 26 шағын орталық, 2 балабақша жұмыс істейді. Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда консультациялық пункттер құрылып, жұмыс істейді. Консультациялық пункттер балалары мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналар үшін отбасы мен тәрбиеленушіні әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып құрылды. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары тәрбиешілер, әдіскер, психолог, логопед, дефектолог және басқа да мамандар ата-аналардың өтініштері негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып кеңес береді. Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтармен, психологтармен және басқа да мамандармен тұрақты қарым-қатынас жасау мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуына жәрдемдесуге арналған. Бұдан басқа, консультативтік пункттердің жұмысы ата-аналар (заңды өкілдер) мен отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін жүзеге асырылады.
КП жұмысы туралы