Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрлігінде білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында өңірлік тәлімгерлермен кездесу өтті, онда Жамбыл облысы облыстық оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Нарегеева Агура Маарбанқызы орта білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды жүзеге асыру туралы айтып өтті, жалпы білім беретін мектептердегі қолданыстағы критериалды бағалау жүйесін зерделеу нәтижелері туралы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығының директоры, Жұмажанова Сәния Қамариденқызы таныстырып, мұғалімдердің қалыптастырушы бағалаудағы қиындықтарына, әсіресе білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу кезіндегі қиындықтарға баса назар аударылды: мұғалімдер тапсырмаларды дайындауда қиындықтарды бастан кешіреді, оларды бейімдемейді, бұл оқушыларға қиындықтар туғызады.
Мектеп басшыларымен академиялық адалдықты сақтау мен мониторинг жүргізу бойынша ұсыныстар айтылды.
Республикалық әдістемелік шараның жұмысына Железин аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Машкова Г.А. қатысты.