24 қазан күні М.Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта мектепте оқу, тәрбиелеу және дамуында ақауы бар балаларды және сөйлеу тілі бұзылған балаларды тексеру мақсатында облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мамандарының қабылдауы өтті.
Сондай-ақ, білім беру бөлімі облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының мамандарымен бірлесе отырып, мектеп басшыларына, басшы орынбасарларына, психологтар мен логопедтерге ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс сапасын арттыру бойынша оқыту семинарын өткізді. Семинарға 30-дан астам адам қатысты.
Облыстық ПМПК басшысы Адамова А.К. білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру тәртібі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың (балалардың) ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау механизмі түсіндірілді.