2023 жылдың 2-маусымынан бастап 9-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттесттау (мемлекеттік емтихандары) басталса, 11-сынып түлектері үшін 5-маусымнан алғашқы мемлекеттік емтихандары басталды.
Ауданымыз бойынша 9-сыныпты 207 оқушы аяқтауда, соның ішінде 4 оқушы денсаулықтарына байланысты мемлекеттік емтихандардан босатылды.
11-сыныпты 81 білім алушы аяқтап жатыр, оның 4-уі денсаулықтарына байланысты мемлекеттік емтихандардан босатылды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік емтихандар өткізілетін кабинеттерде барлық жағдайлар жасалынған. Кабинеттерде салқындатқыштар мен желдеткіштер орналастырылған.