Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылдың 1 маусымында Қ.Әлсейітов атындағы АМҮ алаңында Балаларды қорғау күнін мерекелеу өтті.
Іс-шараның мақсаты – балалық шақ мерекесін тойлау, қуаныш атмосферасын құру, іс-шараның барлық қатысушыларында жағымды эмоцияларды қалыптастыру.  Балаларды қорғау күнінде кішкентай железиндіктер үшін түрлі-түсті және көңілді іс-шара ұйымдастырылып, балалар концертті тамашалап, станциядар арқылы саяхатқа шықты.  Концерт барысында көңілді сайыстар ұйымдастырылды.  Сондай-ақ шаш үлгісінің шеруі, «Жаз бейнесі» костюмдер шеруі ұйымдастырылды.  Аудандағы мектеп, балабақша, балалар өнер мектебімен бірлесе тамаша шара ұйымдастырылды.  Барлық қатысушыларға сыйлықтар және тәтті балмұздақ пен шырындар берілді.
Балалардың үлкен мерекесін өткізуге көмектескені үшін Железин ауданының білім және мәдениет ұжымдарына, шараға қатысушылардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз.