Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 7 маусымда Павлодар қаласында «Үздік АӘТД педагог-ұйымдастырушы» облыстық байқауы өтті. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан және Павлодар облысының аудандарынан мұғалімдер қатысты. Қатысушылар қолданбалы әскери спорт түрлерінен, саптағы жаттығуларындан жарысып, сынақ тапсырып, жұмыс тәжірибесін қорытындылады. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды №2 ЖОББ мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Мамаев Берик Кайртаевич иеленді.