Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Облыстық білім беру басқармасының басшысы С.О.Айтқазинаның бұйрығымен Алшимбаева Маржан Қадырқызы Железин ауданының білім беру бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Маржан Қадырқызы 1968 жылы Новосибир облысы, Қарасук ауданы, Нижне-Баяновка cелосында дүниеге келген.

1991 жылы Новосибир мемлекеттік педагогикалық институтын «Физика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді, 2022 жылы Инновациялық Еуразия университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді.

Еңбек жолын Павлодар облысында мұғалім болып бастады,одан кейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, ЖАО басшысы қызметтерін атқарды.