Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ауданымыздың білімалушылары осы 2022-2023 оқу жылында көптеген аудандық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.
Ең алдымен оқушыларымыз аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орынға ие болған оқушыларымыз облыстық кезеңіне қатысады.

Оның ішінде Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңіне ауданымыздан 8 оқушы қатысып, 6 оқушымыз жүлделі орынға ие болды. Осы 6 жеңімпаздардың ішінен 2 оқушымыз Республикалық кезеңіне жолдама алды.
1. №1 ЖОББМ-нің 10- сынып оқушысы Ерсайн Томирис
2. №2 ЖОББМ-нің 9- сынып оқушысы Ашимжанова Дария
2023 жылы 7-сәуір айында болған Республикалық кезеңінде №2 ЖОББМ-нің оқушысы Ашимжанова Дария ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңінде үздік деп танылып, 1-орынға ие болды.

                          «Жыл оқушысы» республикалық сайысының облыстық кезеңі
2022 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында ұйымдастырған «Жыл оқушысы» республикалық сайысының облыстық кезеңіне біздің ауданымыздан екі оқушы қатысып, бір оқушымыз жүлделі орынға ие болды.
8-9 сынып оқушылары арасында ІІІ дәрежелі дипломмен – №2 ЖББОМ-нің 9 сынып оқушысы Ашимжанова Дария марапатталды.

                                                                         «IQanat» олимпиадасы
Облыстық кезеңінен 4 оқушы жүлделі орынға ие болды. №1 ЖОББМ оқушылары Булатбаева Меруерт және Медведева Дарья. №2 ЖОББМ оқушылары Ашимжанова Дария және Чуприкова Ева.
Олар Нұр–сұлтан қаласына қортынды республикалық кезеңіне барып қатысты. Осы 4 оқушы «IQanat» делигация құрамына кірді.

                                                      №8 лицей «ХАКАТОН-2023» байқауы
Новомир ЖОББМ-нің оқушылар QUBIT командасы Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейі ұйымдастырған « Хакатон» ауқымды жобасына қатысып, ауылды дамытуға арналған бірінғай цифрлық жоба әзірлеу барысында Бас жүлдеге ие болды.

                                                        «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысына
Біздің ауданымыздан «Тәуелсіздік ұланы» біржолғы ақшалай сыйлықақысымен және төсбелгісімен М.Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінен «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі» номинациясында 10-сынып оқушысы Умирбек Сымбат пен «Спорттық шеберлік» номинациясымен №1 ЖОББМ-нің 9- сынып оқушысы Козлов Вадим марапатталды.

Осындай көптеген облыстық байқауларына ауданымыздың оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1. «Жас экорепортер» экологиялық конкурсының облыстық кезеңіне 3 оқушы қатысып, 1 оқушы жүлделі орынға ие болды.

2. «Менің кіші Отаным» Жас тарихшылар V Республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңіне ауданымыздан 4- оқушы қатысып, 3 оқушымыз жілделі орынға ие болды.

3. 9-11 сынып оқушыларына арналған ІІІ облыстық гуманитарлық олимпиадасының облыстық кезеңіне 3 оқушы қатысып, 2 оқушымыз жүлделі орынға ие болды.

4. «Мейірімділік керуені» Башмашын ЖОББМ оқушысы Рахмангулов Саян жеңімпаз атанып «Бала жүрегі » төс белгісімен марапатталды.

5. Облыстық математикалық турнирда топты жарып 1-орынға ие болған №2 ЖББОМ-нің 2-сынып оқушысы Саттарова Карина және 2 оқушы 3-орынға ие болған М. Дулатұлы атындағы №3 ЖББОМ-ң 2- сынып оқушысы Қанат Асанәлі, Аққайың селосының НЖББМ-ң 4-сынып оқушысы Икматуллаев Нұрталап.

6. 5-6 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиадасына 9 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орынға ие болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен: Аққайың селосының НЖББМ-нің 5-сынып оқушысы Сарсенбаев Ильяс – 2 орын
Орыс тілі мен әдебиет пәнінен: Жолтаптық НЖББМ-нің 6- сынып оқушысы Тлеубердова Дарина – 3 орын.

7. Республикалық «Әбіш оқулары» конкурсының облыстық кезеңіне 2 оқушы қатысып, 1 оқушымыз құрмет граматасымен марапатталды. 1 оқушымыз жүлделі орынға ие болды.

№1 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Беккер Егор – Құрмет грамотасымен марапатталды. М. Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ-нің 11- сынып оқушысы Тлебалдина Камила – 3 орынға ие болды.

8. Мектепке дейінгі мекемелердің қатысушыларына арналған «Жауқазын» олимпиадасының облыстық кезеңіне 8 оқушы қатысып, бір оқушы жүлделі орынға ие болды. Тукушев Али – 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

9. «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне 4 оқушы қатысып, №1 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Беккер Егор «Бейнелеушілер» бағытынан 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.