Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңа оқу жылы жақындап келеді, ҚР БҒМ 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес облыстың барлық орта білім беру ұйымдарының оқушылары оқу орнына мектеп формасын киіп баратынына назар аударамыз.

Талаптарға сәйкес ұлдарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күртке/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет,водолазка).

Қыздарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күртке/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан,водолазка).

Мектеп формасының түсін таңдағанда, қою көк гамманы ұстанған жөн.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз оқу орнына немесе тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне, сондай-ақ облыстың білім беру басқармасының  8 (7182) 65006087074916405 тел.бойынша call-center-ге жүгіне аласыз.