Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

20 — қыркүйек күні Республика бойынша «Республикалық балалар оқулары байқауының» аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Байқауға оқушылардың жас ерешектеріне сәйкес оқырмандардың жоғары бағасын алған классикалық шығармалары (кітаптар) іріктелді. Кітаптарда ел тарихы, тұлғалар, адами құндылықтары, ұлттық және халықаралық дүниетанымдық бағыттар қамтылған.
Оқушылар байқауға «Әдебиет порталы» интернет- жобасында жарияланған отандық және шетелдік әдеби кітаптар тізімі бойынша дайындалды.
8 сынып- «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында жасөспірімге арналған кітаптар (Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» тарихи туындысының I кітабы және Джек Лондонның «Теңіз қорқауы» романы).
9 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында (Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы және Роберт Льюис Стивенсонның «Қазына аралы» романы).
10 сынып – «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар( Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер 2 Жанталас» романы және Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» романы).
Аудандық кезең қортындысы бойынша ІІІ орынды М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушылары Өмірбек Көркем мен Шапиева Камила иеленді.
М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Сыздыкова Нузар және 10-сынып оқушысы Жұмабек Дана – І орынға ие болды.
Облысқа бірінші орын алған екі оқушы ұсынылды. Құттықтаймыз!