Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылғы 13 қазанда «Башмашын ЖОББМ» КММ, жастармен жұмыс жөніндегі пилоттық мектеп базасында жыл сайын 10 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бүгінгі кәсіподақ ол:
-әлеуметтік әріптестіктің көп деңгейлі жүйесін іске асыратын,сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғаушы;
— қызметкерлердің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын қорғаушы;
— заманауи білім беру жобалары мен бағдарламаларын іске асыруға ықпал беретін мүше;
— кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдаудың инновациялық нысандарын ұйымдастырушы;
— жалақының нақты өсуіне және педагогтердің беделін арттыру үшін күрескер;
— құқықтық сарапшы және заң кеңесшісі.
Осындай маңызды сөздермен кәсіподақ шарасы ашылды.
Мерекенің құрметті қонақтары Железин ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Усина Р. Қ., Башмашын ауылдық округінің әкімі Мадагулова М.Б., білім беру бөлімінің бас маманы Қапаров Н. С., жұмыс өтілі он жылдан асатын білім беру мекемелерінің тәжірибелі басшылары, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері Боргардт В. Б., Жаманбалинова Р. А., бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және осы 2023-2024 оқу жылында ауданға Дипломмен келген жас мамандар болды.
Биылғы жылы іс-шараның бірыңғай тақырыбы «Ұрпақтар кездесуі» болды.
Іс-шараны «Железин ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрайымы Нұрғалиева Ш.К. «Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Г.А. Наурызбаеваның құттықтау хатымен ашты.
Құттықтау сөзбен қонақтардың алдында Железин ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Усина Р.Қ. сөйледі және марапаттау рәсімін өткізді.
Орталық кәсіподақтар комитетінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасының Оқу–ағарту министірі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хатымен №2 ЖОББ мектебінің басшысы, Кантарбаева Ш.Қ. марапатталды.

Қазақстан Республикасының Оқу–ағарту министірі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хатымен:
Нургалиева Ш.К. — «Железин ауданының білім беру бөлімі» ММ, АӘК әдіскері, «Железин аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық ұйымы филиалының төрайымы,педагогика ғылымының магистрі;
Лятин Н.З.– Новомир ЖОББМ география пәнінің мұғалімі;
Остапчук В.В. — №1 ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі;
Азарова Г.П. — Крупский НЖББМ математика пәнінің мұғалімі, басшысы;
Калюжная Е.В. — №2 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі;
Кныш Л.М. — Т.П. Праслов ат. Прииртышск ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі;
Горохова Л. Н. — Т.П.Праслов ат. Прииртышск ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
Бурлак Е.В. -. Новомир ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі;
Минко И.Г. — №2 ЖОББМ дене шынықтыру мұғалімі;
Минко С.М.- №2 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі;
Молдабаева Қ.Б. — Новомир ЖОББМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі марапатталды.
Одан әрі марапаттау рәсімін Железин ауданының білім беру бөлімінің бас маманы Н.С. Капаров жалғастырды.
Павлодар облысының білім беру басқармасының Алғыс хаттарымен:
Даниярова Б.З.-Башмашын ЖОББ мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі;
Орынбаев Б.Б.-Лесной ЖОББ мектебінің тарих мұғалімі марапатталды.
Железин ауданының білім беру бөлімінің грамотасымен
Жолдыбаев Р. А. -Захаровка НЖББ мектебінің технология мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы; Бөлекбаев Д.Қ.-Еңбекші НЖББ мектебінің педагог-психологы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Абильдинов О.С.-Михайлов ОЖББ мектебінің тарих пәні мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы марапатталды.

Марапаттау рәсімін «Железин аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрайымы Ш.К.Нұрғалиева жалғастырды.
«Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен:
Бесенова Г.Х.-биология пәнінің мұғалімі, Жолтаптық НЖББ мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы марапатталды.
«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен:
Метлушко Н. А.-бастауыш сынып мұғалімі, Новомир ЖОББ мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы;
Ермолаева Т. С. — Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББ мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі марапатталды.
«Павлодар облыстық Қазақстандық салалық кәсіптік білім беру ұйымы » қоғамдық бірлестігінің Алғыс хаттарымен:
Лисс Г. А. – Славянов НЖББ мектептің математика мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ;
Байтемиров Р. С. –№2 ЖОББ мектебінің әлеуметтік педагогы,Жастар кеңесінің мүшесі,аудан мұғалімдерінің футбол командасының капитаны.
Жолдыбаев Р.С. – Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББ мектебінің логопеды, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы,
облыстық жастар кеңесінің мүшесі.
Бұл мерекенің ерекшелігі кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен жас мұғалімдер арасында өткізілген диалог алаңы болды. Кәсіподақ қозғалысының ардагерлерінің атынан көптеген жылдар бойы аудандық кәсіподақ ұйымын басқарған Боргардт В. Б. және 17 жыл бойы бастауыш кәсіподақ ұйымын басқарған Жаманбалинова Р. А. сөйледі. Ардагерлер өз кезеңінде кәсіподақтың қандай болғанын айтып берді. «…Жылдар бойы жалақы төленбеді, жарық болмады, ереуілдер ұйымдастыруға тура келді, содан кезде кәсіподақ ұйымы көп әлеуметтік мәселелерді шеше алды…»
Кәсіподақ қозғалысының жас қанатын КТА командалары ұсынды .Олар
«КТА-2023» жеңімпаздары «Шляпадағы интеллектуалдар»- Мыңкөл НЖББ мектебінің КТА командасы және «Ең креативті» номинациясының иегерлері Еңбекші НЖББМ «Супер-пупер Теаchers» КТА командасы болды.
Мыңкөл НЖББ мектебінің КТА командасы өз миниатюрасында өз бастауыш кәсіподақ ұйымының өмірін көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, бәрі өте жанды, қызықты, креативті болды!
Осы жазда жас мұғалімдер арасында құрылған Жас отбасы да назардан тыс қалмады. Жас маман Мұқанов Ж.Қ.-Т.П. Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі өз тағдырын осы мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сағандықова Сания Амангелдіқызымен байланыстырды.Жастарға бақытты және ұзақ өмір тіленді.
Марапатқа ие болған ұстаздарға барлығына естелік сыйлықтар мен әдемі ақ гүл шоқтары ұсынылды.
Мерекелік бағдарлама әдемі банердің фонында жалпы фотосуретпен аяқталды. Кәсіподақ мерекесін әндерімен және музыкалық композицияларымен сүйемелдеген мұғалімдер әріптестеріме алғысым шексіз! Олар: Тагаева Г.С.-Береговой НЖББ мектебінің қазақ тілі мұғалімі, Керембеков Н.-Башмашын ЖОББ мектебінің музыка пәнінің мұғалімі, Балалар өнер мектебінің қосымша білім беру педагогы, жас маман Мұхтар Д. Д., педагогикалық еңбек ардагері, Т.П.Праслов ат.Прииртышск ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кныш Л. М.