Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылдың 3 қарашасында «№2 ЖОББМ» КММ базасында «Педагогикалық бастамалар – 2023» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесі ретінде озық тәжірибені анықтау, педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. 14 қатысушы өтініш білдірді, 12 қатысты, екеуі дәлелді себептермен келмей қалды. Байқаудың аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Байқау материалдарын бағалау кезінде қазылар алқасы Байқау туралы Ережеде көрсетілген критерийлерді басшылыққа алды: тәжірибенің өзектілігі мен пайдалылығы,оның мақсаттылығы;
тәжірибе жаңалығы мен бірегейлігі; практикалық іске асыру; тәжірибе нәтижелері мен тиімділігі; қолжеткізілген нәтижелердің тұрақтылығы.

Орындар бағыттарға сәйкес бөлінеді. Физика-математикалық: Бас-жүлде «№2 ЖОББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі А.В. Шестопалова, 1 орын – М.Н.Лизунова, «Т.П.Праслов ат. Прииртышск ЖОББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі, 2 орын – А.С.Чужаева, «М.Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі, 3 орын — А.Б.Өтегенова, «Башмашын ЖОББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі.
Жаратылыстану цикл: 1 орын — «№1 ЖОББМ» КММ химия пәнінің мұғалімі Лысенко С.А., 2 орын — М.Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ» КММ биология пәнінің мұғалімі Н.Б. Яхшиликов.
Гуманитарлық цикл: 1 орын — «Алакөл ЖОББМ » КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі К.О.Таукешова, 2 орын — «№2 ЖОББМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі В.Д.Смирнов, 3 орын — А.Б.Шкода, «Алакөл ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі және Ж.А. Ильясова, «№2 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Ауданымыздың намысын облыстық кезеңде қорғауға: Шестопалова А.В., Лизунова М.Н., Чужаева А.С., Лысенко С.А., Таукешова К.О. жіберіледі.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!