Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

24 қарашада М.Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ базасында математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты — педагогтың кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жету ұмтылысын арттыру.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын — Турлубаева Б. К (Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББМ);
2 орын — Лизунова М. Н. (Т. П. Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ);
2 орын — Матенов Н.М. (Еңбекші НЖББМ);
3 орын — Дюсенов М. Ж. (Лесной ЖОББМ);
3 орын — Муқанов Ж. К.(Т. П. Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ).
Облыс кезеңіндегі аудан намысын қорғайтын болады: Турлубаева Б. К (Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББМ).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз.