28 қараша күні М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ базасында ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен жиналыс өтті.
Жиында Железин аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Г.А.Жолдубаева балалар арасында қызылша ауруы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Капаров Н.С. (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру секторының меңгерушісі), Тенизова Д.К. (педагогтармен жұмыс жөніндегі бас маманы), Кабиева К.К. (жалпы орта білім беру жөніндегі бас маманы), Баймикенова А.С. (АӘК меңгерушісі), Нургалиева Ш.К. («Железин аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық ұйымы филиалының төрағасы), Касымжанова М.К. (АӘК әдіскері) сөз сөйледі.
Жиналыс соңында ұсыныстар мен сұрақтарға жауаптар берілді.