Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Железин ауданының әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 27 қарашада «Аққу» облыстық жобасы аясында «Қыз еркем – қылығымен көркем» облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты-қыздардың жан дүниесінде көркемдік талғамды қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне байланысты әдептілікке,ізгі ниетке тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық тәрбиеге деген қызығушылықты ояту және өскелең ұрпаққа ұлттық қолөнерді насихаттау.

Байқауға әр мектептің «Аққу» клубының қыздары «Тақия» тігу және жүн иіру шеберлігін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды таңдады:1 орын – М.Дұлатұлы атындағы №3 ЖОББМ, 2 орын — №1 ЖОББМ.