Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

29 қараша күні М.Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінде «Білім – өмір шырағы» атты жаратылыстану-математикалық бағытындағы аудандық Міржақып олимпиадасы өтті.

Міржақып Дулатұлының «Есеп құралы» оқулығындағы математикалық терминдер мен есептердің ерекшелігін, тарихи ұлттық терминдердің бүгінгі оқулықтар мен сөздіктердегі жаңа баламасы мен тәжәрибесін байланыстыра отырып, қолданыс аясын кеңейту, насихаттау мақсатында өткізілген олимпиадаға 93 мұғалімдер мен білім алушылар қатысты.

Олимпиада келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1-бағыт — «Білім – ырыстың тізгіні» 5-6-сынып оқушылары үшін (математика, жаратылыстану, информатика пәндерінен 1-тапсырмадан жалпы 3 тапсырмадан құралады);
2-бағыт — «Білім – таусылмайтын кен» 7-8-сынып оқушылары үшін (математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндерінен 1-тапсырмадан жалпы 6 тапсырмадан құралады);
3-бағыт — «Білім — жанып тұрған шырақ» математика, жаратылыстану, информатика, география, биология, химия, физика пән мұғалімдері үшін.
Әділ қазылардың тексеру қорытындысы бойынша, келесідей марапаттар жүргізілді.

«Білім — жанып тұрған шырақ» бағыты:
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ — Захаровка мектебінің математика пәнінің мұғалімі Дерун Елена Васильевна;
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ — Алакөл мектебінің география пәнінің мұғалімі Утегенов Жоламан Елеуович;
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ — Алакөл мектебінің физика пәнінің мұғалімі Сеитова Зайтуна Нурмухамбетовна;

Номинация «Clever»- №1 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Касымжанова Мадина Кайратовна;
Номинация «Education» — №1 ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі Бакирова Виктория Ивановна;
Номинация «Smart» — химия пәнінің мұғалімі Сатканова Майгуль Эрденовна.

«Білім — таусылмайтын кен» бағыты 7-8-сыныптар:
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ- Михайловка мектебінің оқушысы Багалей Надежда;
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ- М.Дулатұлы атындағы №3 мектебінің оқушысы Ағбек Жаным;
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ — №1 мектебінің оқушысы Райдер София;

Номинация «Зейін»- Березовка мектебінің оқушысы Литовченко Мелания;
Номинация «Талпыныс»- Моисеевка мектебінің оқушысы Притыко Александр;
Номинация «Білімпаз»- Моисеевка мектебінің оқушысы Музыка Дарья.
«Білім — ырыстың тізгіні» бағыты:
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ -№1 мектебінің оқушысы Мухамеджанова Айнұр;
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ- Михайловка мектебінің оқушысы Титович Вадим;
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ- М.Дулатұлы атындағы №3 мектебінің оқушысы Қанат Нұрәлі;
Номинация «Алғыр» -№2 мектебінің оқушысы Хамитов Самир;
Номинация «Білгір»- Новомир мектебінің оқушысы Манн Артём;
Номинация «Ұтқыр» -№2 мектебінің оқушысы Горобец Филипп

«Жоғары белсенділік танытқаны үшін» номинациясы мен кубогы Михайловка ЖОББ мектебіне табысталды.