2023 жылғы 5 желтоқсанында білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәлімгерлермен қашықтық форматта республикалық жиналыс өткізілді. Онда Астана қаласындағы тәлімгерлердің тәжірибесі таныстырылды. Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша топтық жұмыстың тиімді үлгісі көрсетілді. МІБ бөлімдері бойынша оқыту семинарларын жоспарлауға, талдауды құрастыру алгоритміне және осы мәселенің шешімдеріне баса назар аударылады. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.