Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылғы 19 желтоқсанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібіне сәйкес «№2 ЖОББМ» КММ базасында жаратылыстану – математикалық бағыт (математика, физика, химия, биология, география, информатика) пәндері бойынша оқушылардың аудандық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға үміт білдірген 30 оқушыны дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі әдіскер Кожекбаева Арайлым Сериккалыевна қарсы алып, олимпиада туралы ақпараттарды хабарлады.

Тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сәйкес қорытындылар шығарылып аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
биология бойынша: 1 орын — «№2 ЖОББМ» КММ-нің 11 сынып оқушысы Тугумбаева Аиса, 2 орын – «Михайловка ОЖББМ» КММ-нің 11 сынып оқушысы Андреенко Виктория және «Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББМ» КММ-нің 10 сынып оқушысы Ермолаев Илья, 3 орын – «Т.П.Праслов ат. Прииртышск ЖОББМ» КММ-нің 8 сынып оқушысы Баужанова Дарина.
Химия пәнінен 3 орын алған олимпиада жүлдегерлері: орыс тілінде оқытатын «№1 ЖОББМ» КММ-нің 9 сынып оқушысы Просолова Елизавета және қазақ тілінде оқытатын «М.Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ » КММ-нің 9 сынып оқушысы Қанапия Мансұр.

Математикадан 1 орын «№2 ЖОББМ» КММ-нің 9 сынып оқушысы Жайкбаев Алижанға берілді.

География бойынша:
1 орын- «М.Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ » КММ-нің 10 сынып оқушысы Өмірбек Көркем,
2 орын — «№1 ЖОББМ» КММ-нің 11 сынып оқушысы Игнатенко Дарья,
3 орын- «Веселая роща ЖОББМ»КММ-нің 9 сынып оқушысы Акимов Леонид.
Физика және информатика бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер жоқ.
Пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Жеңімпаздар біздің ауданды облыстық деңгейде ұсынады.
Аудандық іс — шараны ұйымдастыруға және өткізуге аудандық әдістемелік кабинеттің жаратылыстану-математикалық бағытының әдіскерлері Г.А. Машкова және А. Н. Айтуарова қатысты.
Пәндік олимпиаданы сапалы өткізгені үшін мектеп әкімшілігіне , қазылар алқасының мүшелеріне алғысымызды білдіреміз!