Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылғы 20 желтоқсанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібіне сәйкес «№2 ЖОББМ» КММ базасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиет, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері жіне ағылшын тілі) пәндері бойынша республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға өтінім берген 48 оқушының 38-і қатысты. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі әдіскер Кожекбаева Арайлым Сериккалыевна олимпиада қатысушыларын қарсы алып, олимпиада туралы ақпараттарды хабарлады.

Тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сәйкес қорытындылар шығарылып аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша: М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Умирбек Сымбат-1 орын, және 9- сынып оқушысы Сыздыкова Нузар – 2 орын. Еңбекші НЖББМ-нің 9- сынып оқушысы Шамшитова Ақмарал – 3 орын.
Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен: Береговой НЖББМ-нің 9- сынып оқушысы Беркбай Диана – 3 орын.

Құқық негіздері пәнінен 1-орын алған олимпиада жүлдегері: №1 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Ерсайн Томирис.
Қазақстан тарихы пәнінен: М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Олжабаева Айару-1 орын, №2 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Давлятова Анастасия-1 орын, №1 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Павлов Максим-2 орын, Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Кабдешева Айша -3орын, М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Шапиева Камила-3орын.
Ағылшын тілі пәні бойынша: №1 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Булатбаева Меруерт – 1 орын, Прииртышск ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Леншмидт Кирилл – 1 орын, М. Дулатұлы ат. №3 ЖОББМ-нің 9-сынып Иманұлы Алдияр – 3 орынға ие болды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен: Башмашын ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Милоход Валерия – 3 орын, Жаңа жұлдыз ауылының ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Ермек Дариға-3 орын, Жолтаптық НЖББМ-нің 9-сынып оқушысы Тлеубердов Санжар-3 орын.
Пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Ауданның жеңімпаздары облыстық кезеңіне қатысатын болады.
Пәндік олимпиаданы сапалы өтуіне жағдай жасағаны үшін мектеп басшысы Ш.К. Кантарбаеваға және мектеп әкімшілігіне, қазылар алқасының мүшелеріне алғысымызды білдіреміз!