Жыл сайын жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің және Павлодар облысы әкімінің атынан шыршалар өтеді. Биылғы жыл да ерекшелік болған жоқ. Железин ауданынан аталған іс-шараларға жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оқуда немесе спортта жетістіктері бар көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар санатындағы алты бала қатысты.
Балалар үшін мәдени бағдарлама ұйымдастырылды: кинотеатрға , қала алаңындағы шыршаға барды. Балалар «Ертіс» қонақ үй кешеніне орналастырылды. Бұл іс-шаралар да сол жерде өтті. Театрландырылған қойылым болды.
Балалар жақсы эмоциялармен, үлкен әсерлермен оралды.
Оларға сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Осы іс-шараның барлық ұйымдастырушыларына рахмет!
Жаңа жыл құтты болсын!