2023 жылғы 26 желтоқсанда білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәлімгерлермен, басшылармен және басшылардың орынбасарларымен қашықтық форматта республикалық кеңес өткізілді. Кеңесте Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының тәжірибесі таратылды, қойылған мәселелер бойынша мазмұнды презентация материалдары көрсетілді, оқушылардың білімдері мен дағдыларын анықтау және заманауи білім беру мекемелерінің жаңа үлгілері, мектепті қайта құрудың стратегиялық көзқарасы басты назарда болды. Қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Қашықтықтан өткен республикалық кеңеске Железин аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Г.А.Машкова қатысты.