Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 26 қаңтарда Павлодар қаласында Железин ауданы командасының құрамында: Никита Абасов (Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ 9 сынып оқушысы), Ерали Асетұлы (Алакөл ЖОББМ 11 сынып оқушысы), Артём Гладких (М.Дулатұлы атындағы №3 ЖОББМ 9 сынып оқушысы), Александр Штайгер (Михайлов ОЖББМ 11 сынып оқушысы) және Евгений Солодухин (№2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы) «Сарбаз-2024» облыстық қысқы әскери қолданбалы спорт түрінен пневматикалық винтовкадан ату бойынша 3-орынға ие болды. Жеңімпаздар мен АӘТД оқытушыларын облыстық жарысқа дайындағаны үшін құттықтаймыз! Сіздерге одан әрі табыстар мен жеңістер тілейміз!