Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың 31 қаңтарында №2 ЖОББМ базасында жас мамандарға арналған «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинарды аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А. Баймикенова ашты. Ол қатысушыларды жұмыс регламенті мен форматымен таныстырды. Семинар барысында тәлімгер мұғалімдер А. К. Балтабаева- Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Ж.Х. Смаилова-Алакөл ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Ж. А. Жамбусинова- Еңбекші НЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі жас мамандарды пәндерді оқыту процесінің практикалық аспектілерімен таныстырды. «Жас маманды жетістікке апаратын қадамдар» (Балтабаева А. К.), «Тәлімгерлік арқылы кәсіби құзыреттілікті дамыту: практикалық аспектілер» (Смаилова Ж. Х.), «Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі-табыс критерийлерінің бірі» (Ж.А. Жамбусинова) тақырыбындағы баяндамалар жас педагогтердің қызығушылығын тудырды. Білім берудегі негізгі қағида-теорияның практикамен байланысы. Бұл бүкіл семинар барысында байқалды. Семинар соңында АӘК әдіскері Н. Битенова қатысушыларды жас педагогтерге арналған алдағы конкурстардың ережесімен таныстырды. Тәлімгер мұғалімдер, АӘК әдіскерлері жас мамандарға ұсыныстар берді. Железин ауданының білім беру бөлімі №2 ЖОББМ басшысы Ш.К. Кантарбаеваға, мектеп әкімшілігіне семинарға қатысушылардың, сондай-ақ педагог-тағылымдамашылардың жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасағаны үшін, Ж. А. Жамбусинова, Ж.Х. Смаилова және А. К. Балтабаеваға жұмыс тәжірибесін таратқаны үшін алғыс білдіреді.