2024 жылғы 6 ақпанда менторлармен, білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету жөніндегі басшылармен қашықтық форматта республикалық жиналыс өткізілді. Жиналыста Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының халықаралық салыстырмалы зерттеулер бөлімінің бас талдаушысы Б. Т. Баекешова Қазақстанның TALIS зерттеуіне қатысуы туралы презентациялық материал ұсынды. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Әдістемелік іс-шара жұмысына мектеп басшылары мен Железин ауданының білім беру бөлімінің әдіскері қатысты.