2024 жылғы 19 ақпанда Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәлімгерлермен жұмыс кездесуі өтті. Отырысты ББДИО басшысы Б.Т.Аушахманова жүргізіп, мектепішілік бақылау мәселелері бойынша жетекшілік ететін мектептерді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыруға баса назар аударды. Кездесуге білім беру бөлімінің әдіскері Г.А.Машкова қатысты.