Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Облыстық прокуратураның қылмыстардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының тармақтарын іске асыру мақсатында Железин ауданының мектептері арасында «Алаяқтықтың алдын алу» және «Есірткі қылмысының алдын алу» тақырыптарында аудандық әлеуметтік бейнероликтер байқауы өткізілді.

2024 жылдың 1 сәуірінде осы байқаудың қорытындысы шығарылды. Аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлерінің арасынан қазылар алқасы келіп түскен жұмыстарды – мектептердің әлеуметтік желілеріндегі беттерде орналастырылған бейнероликтерді қарады. Айта кету керек, уақыт өте аз болды, дегенмен қатысушылар байқауға лайықты дайындалды. Қазылар алқасы Новомир ЖОББМ-нің 3D анимация жанрындағы бейнероликті, балалар өнер мектебі театр студиясының тәрбиеленушілерінің тақырыпты креативті ашуын, Ш.Уәлиханов ат. және Алакөл ЖОББМ-нің оқушыларының әртістігін атап өтті.

Аудандық «Алаяқтықтың алдын алу» тақырыбындағы бейнероликтер байқауының қорытындысы бойынша «Ойын бейнеролигі» номинациясы бойынша бірінші орынды Ш. Уәлиханов ат. ЖОББМ оқушылар командасы иеленді (жетекшісі Г.Е. Ахметова). Бұл номинация бойынша екінші орынды балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері (жетекшісі Р.Т. Жаманбалинова) және Алакөл ЖОББМ мектеп Парламенті бөлісті. Сондай-ақ, БӨМ және Алакөл ЖОББМ оқушылары «Идеяның креативтілігі үшін» және «Әртістігі үшін» номинацияларымен марапатталды.

«Алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында «Ойын бейнеролигі» номинациясы бойынша үшінші орынды Михайлов ЖОББМ оқушылары (жетекшісі Савченко Т.Б.) иеленді. «Алаяқтықтың алдын алу» тақырыбындағы «Анимациялық ролик» номинациясында бірінші орынды Новомир ЖОББМ командасы (жетекшісі М.А. Сыздыков) иеленді. Алаяқтықтың алдын алу тақырыбындағы «Бейне дәріс» номинациясында 2 орынды Моисеев НЖББМ оқушысы Увалит Мөлдір иеленді, үшінші орынды Моисеев НЖББМ оқушысы Дарья Музыка және №2 ЖОББМ иеленді. «Жеңіске деген ерік үшін» және «Лаконизм үшін» номинацияларымен Еңбекші НЖББМ (жетекшісі К.Д. Смаилова) және Башмашын ЖОББМ (жетекшісі А. К. Жалатбек) бейнероликтері атап өтілді. «Есірткі қылмысының алдын алу» тақырыбындағы «Ойын бейнеролигі» номинациясында үшінші орынды Новомир ЖОББМ оқушылар командасының (жетекшісі А.Ж. Скакова) жұмысы иеленді.
Оқушыларды және олардың басшыларын құттықтаймыз және байқауға қатысқаны үшін алғыс білдіреміз.