Қазақстанда аналар күні ресми түрде 2012 жылдан бастап 8 наурыз әйелдер мерекесінен бөлек атап өтіледі. Қазақстанда аналар күні қашан? 2023 жылға дейін ол қыркүйек айында тойланды. ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы қаулысында мереке күні қыркүйектен мамырдың 2-ші жексенбісіне ауыстырылғаны анықталды.Сондықтан 2024 жылы ҚР-да Аналар күні 12 мамырға сәйкес келетін Халықаралық аналар күнінде атап өтіледі. Бұл елдің мерекелік күндерінің тізімінде көрсетілген.
Осы тамаша күнге дейін аудан мектептерінде түрлі іс-шаралар өткізілді.1-11 сыныптарда «Ана-гүл, ана-өмір шырағы», «Айналдым,»Ана» деген үш әріптен», «Менің ең жақын адамым», «Ана тіршіліктің гүлі» және т.б. сынып сағаттары өткізілді. Балалар ана туралы астарлы әңгімелермен,мақал-мәтелдермен танысып, ойнап, сүйікті аналары туралы әңгімеледі.
Кіші және орта буын оқушылары үшін «Анаммен бірге» онлайн-фотокөрмелері және «Сүйікті аналарға сурет саламыз»суреттер байқауы ұйымдастырылды. Кіші, орта және аға буында «Анам осындай — ең қымбаттым» бейнероликтерінің онлайн-челленджі және «Шуағымның сен!»Аналар күніне арналған.