Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қ.Әлсейітов атындағы AМҮ Ұстаздар күніне арналған мереке өтті!
Аудан әкімі А. А. Шайхимов педагогикалық қауымды құттықтап, педагогикалық еңбек ардагерлері мен үздік педагогтарға құрмет грамоталарын, алғыс хаттарды табыс етті.
Аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарын Т. М. Даулетов табыстады.
Білім беру бөлімінің басшысы М. К. Алшимбаева 30-дан астам педагогке грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті. 1 дәрежелі дипломмен («Үздік сынып жетекшісі» аудандық байқауы) Л. Н. Гайдар марапатталды, «Жыл мұғалімі-2024» аудандық байқауында М. Н. Лизунова Бас-жүлде жеңіп алды, «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» атағы К. Е. Темірғалиеваға берілді.

Марапаттау рәсімі концерттік бағдарламамен аяқталды, оның барысында аудан мектептері мен балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ АМҮ, БӨМ, аудан мектептерінің педагогтары мен ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.