Бүгін Михайлов мектебінде “Жол картасы” шеңберінде “Сапалы білім- барлығына қолжетімді” ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша “Балалар әдебитеінің бәйтерегі” Бердібек Соқпақбаевтың 100-жылдығына орай аудан көлемінде оқушылар арасында байқау өтті. Байқауға аудан бойынша 7 мектептен оқушылар мен ұстаздар келді. Байқау 3 түрлі номинация бойынша болды:
1) “Менің атым — Қожа” шығармасы бойынша көрініс көрсету;
2) Бердібек Соқпақбаевтың өмірі туралы презентация;
3) Бердібек Соқпақбаев тақырыбы аясында фотоколлаж.
Оқушылардың барлығы жақсы өнер көрсетті, үздіктері мақтау грамоталарымен марапатталды. Байқау жоғары деңгейде өтті.