2023 жылдың 24 қарашасында Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп басшыларының орынбасарлары мен әдіскерлер үшін әдістемелік сағат өткізілді. Онда мектепішілік бақылаудың негізгі мәселелері, құрамдас бөліктер айтылды. Негізгі жалпы білім беру бағдарламасын меңгерудің жоспарланған нәтижелерінің жетістіктерін бағалау жүйесі және мектепішілік іс-шараларды бағалау критерийлері ұсынылды, критериалды бағалау кезінде дескрипторларға ерекше көңіл бөлінеді. МІБ-дың Мемлекеттік стандарт талаптарына және оқу үдерісін бағалау критерийлеріне сәйкестігіне қатысты ұсыныстар берілді. Қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылды.