2024 жылғы 16 ақпанда Павлодар облыстық АИТВ- жұқпасының алдын алу орталығының маманы Айгерим Еркиновна Ариновамен бірге Железин ауданының 8-11 сынып қыздарына арналған «АИТВ-жұқпасы және оның алдын алу шаралары» тақырыбында қашықтық форматта семинар өткізілді. Маман Аринова А.Е. жасөспірімдермен АИТВ- жұқпасының негізгі таралу жолдарын, жұқпасынан қорғау жолдарын және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сақтау мәселелерін талқылады. Облыстағы эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген толерантты қатынасты талқылады.