Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 21 мамырда Павлодар қаласының №7 арнайы мектеп-интернатының базасында білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы ұйымдастырған арнайы және инклюзивті білім берудің «Үздік оқу-әдістемелік құралы»байқауының облыстық кезеңі өтті. Біздің ауданымыздан осы байқауға 4 педагог қатысты: С. А. Лысенко — №1 ЖОББМ «Психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін 7-9 сыныптарда химия бойынша мнемотехника  әдістерін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар», Е. Д. Самойленко — №2 ЖОББМ » Қазақстан республикасында жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сыныбына арналған орыс тілінен жұмыс дәптері. Бөлім: «Астрономия: жұлдыздар мен шоқжұлдыздар», Лизунова М. Н. — Т. П. Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ «ПДК бар 5-сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша бейімделген жиынтық жұмыстар жинағы», Литвинова М.И. – Т.П. Праслов атындағы Прииртышск  «Жұмыс түзету-дамыту бағдарламасы тақырыбы бойынша: «ПДК бар балаларға арналған танымдық процестерді дамыту» (бастауыш сыныптар).

Байқау төрт бағыт бойынша өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Сабақтың білім беру ортасы» бағытында 2 орынды №1 ЖОББМ химия пәнінің мұғалімі С. А. Лысенко, 3 орынды №2 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е. Д. Самойленко иеленді. Байқаудың барлық қатысушыларына белсенділігі мен креатизмі үшін  Алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!