Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ басшысы Ашимбетова Роза Дүйсенқызы білім беру бөлімімен бірлесіп, педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері мен шарттары бойынша Железин ауданының аттестатталатын педагогтарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мұғалімдердің өз жағдайына қатысты көптеген сұрақтары болды. Барлық сұрақтарға нақты және түсінікті жауаптар берілді. Кейбір сұрақтар қарау үшін тайм-аут алынды.