Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 17- сәуірінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Аққайың селосының НЖББМ» КММ-нің негізінде Қазақтың даңқты қызы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға 100 жыл толуына орай «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі…» атты аудандық оқулар өткізілді.

Оқуларға ауданымыздың негізгі жалпы білім беретін қазақ тілінде және орыс тілінде оқытатын мектептерінің 2-7 сынып оқушылары қатысты.
«Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі…» Әлия Молдағұлова оқулары екі кезең бойынша бағаланды:
-7 жастан 10 жас аралығы;
-10 жас пен 13 жас аралығы.

7 жастан 10 жас аралығы:
3 орын- Аққайың селосының НЖББМ, Арынбай Нұрислам;
3 орын- Еңбекші НЖББМ, Ғайса Ақнұр;
3 орын- Моисеев НЖББМ, Ғұсман Мансұр;
2 орын -Абай НЖББМ, Абишова Інжу;
1 орын -Абай НЖББМ, Абусеит Жансая.

10 жастан 13 жас аралығы:
3 орын -Береговой НЖББМ, Мұрат Абильмансур;
2 орын -Еңбекші НЖББМ, Ғайса Бисары;
2 орын -Береговой НЖББМ, Ковалева Анна;
1 орын -Моисеев НЖББМ, Гомер Анна;
1 орын -Аққайың селосының НЖББМ, Баширова Айым;
1 орын -Екішоқ НЖББМ, Қонақбай Айсезім.

Жүлделі орынға ие болған оқушылар І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл шараны ұйымдастырып өткізгені үшін Аққайың селосы НЖББМ-нің басшысы Мейрам Жанарбекке және оның ұжымына Алғысымызды білдіреміз.