Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жас дәурен» облыстық білім беру-сауықтыру орталығына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын қамтамасыз етуге құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру» № 158 бұйрығымен бекітілген отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес балаларды қабылдауды жүзеге асырады.

Осы НҚА сәйкес мемлекеттік қызметтермен келесілер қамтылады:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардағы балалар — көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарына жататндығын растайтын анықтама; жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардағы балалар — алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы анықтама, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама); жетім балалар және отбасыларда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы шешімі; төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардағы балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары — отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы органның шешімі.

Жыл сайын кесте мен квоталар білім беру басқармасының басшысымен бекітіледі және аудандар мен қалалардың білім беру бөлімдеріне жолданады. Бір жылдың ішінде барлығы 100 баладан 13 ауысым. Аудандар мен қалалардың білім беру бөлімдері, мектептер ата-аналарды оқу-сауықтыру орталығына бару мүмкіндігі туралы хабардар етеді.

Білім беру бөлімдері әрі қарай мектептермен жұмыс істейді. Мектептер «Жас дәурен» ООСО-ға жіберу үшін әр отбасымен нақты жұмыс жасайды, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға артықшылық беріледі, бірақ баланы ата-аналық төлем бойынша жібергісі келетін басқа отбасылар да орталықта демалуға мүмкіндік алады.

Ата-аналардың қалауы бойынша баланы демалуға жіберсе, бала медициналық тексеруден өтеді, стандарт бойынша құжаттар пакетін дайындайды. Ата-аналық төлем бойынша демалатын балалар тек медициналық байқаудан өтеді.  «Жас дәурен» оқу-сауықтыру орталығы жыл бойы жұмыс істейді.

Балалардың лагерьге баруы педагог, медицина қызметкері және полицияның ілесіп жүруі арқылы білім беру бөлімдерімен ұйымдастырылған түрде жүргізіледі.

 

Железин ауданы бойынша «Жас Дәурен» облыстық оқу — сауықтыру орталығына 2023 ж. арналған кестесі

 

Қала/Город Жолдамалар саны /Кол-во путевок Ауысым/Смена Ауысымдар күні/кол-во дней в смене
1 Железин 15 I 16.01-31.01.2023
2 Железин 15 III 28.02-20.03.2023
3 Железин 15 V 14.04-04.05.2023
4 Железин 15 VII 27.06-07.07.2023
5 Железин 15 VIII 10.07-20.07.2023
6 Железин 15 IX 24.07-03.08.2023
7 Железин 15 X 07.08-21.08.2023
8 Железин 15 XII 13.10-02.11.2023
9 Железин 15 XIV 01.12.-20.12.2023