Железин ауданының мектептерінде кезекті рет өзекті мәселеге – еліміздің жас азаматтарының құқықтарын сақтау мен қорғауға назар аударылды.
Железин ауданының мектептерінде «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» онкүндігі аясында балалардың мүдделері үшін мемлекеттік саясатты іске асыру, балалардың құқықтарын сақтау және оларды қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Дүниежүзілік балалар күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыру балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарға ерекше назар аударудың дәлелі болып табылады. Соңғы оқиғаларды ескере отырып, бұл тақырып өзектілігін жоғалтпайды.
Аудан мектептерінде келесі іс-шаралар: мектептердің әлеуметтік желілерінде акцияның басталуы туралы хабарландыру, «Күндей күлген анамның, баласы болып қаламын!» балалық шаққа арналған, балалардың құқықтарын қорғау, оның ішінде зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзекті тақырыптарға арналған сынып сағаттары өткізілді. Алакөл ЖОББМ-інде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығына арналған кабинеттің салтанатты ашылуы өтті. «Бала құқықтары – қымбат қазына» эссе байқауы, «Балалық шақтың бақытты күлкісі»фотобайқауы өткізілді. Барлық мектептерде психологтардың қатысуымен балалық шақты қорғау және оң тәрбие мәселелеріне баса назар аудара отырып, «отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аналар жиналысының бірыңғай күні өткізілді. Сондай-ақ, мектептегі пікірталас барысында балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселелері талқыланды. Психологтардың қатысуымен «Отбасы институты құқықтық жауапкершілік аймағы ретінде», «отбасындағы адамгершілік тәрбие», «білім беру ортасындағы буллинг маркерлері»тақырыбында ата-аналар дәрістері өткізілді. Түнгі уақытта тұрғын үйден тыс балаларды анықтау, мектепішілік есепте тұрған отбасылардың пәтерлерін аралау мақсатында педагогтердің қатысуымен рейдтер өтті.