Аудандық әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес «№1 ЖОББМ» КММ базасында биология және химия пәні мұғалімдеріне «Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі оқуға мотивацияны дамыту құралы ретінде» тақырыбында семинар өтті, оның аясында педагог-зерттеушілер Вера Викторовна Аксенюк (Т.П.Праслов ат. Прииртышск ЖОББМ) және Лариса Николаевна Гайдар (Михайлов ОЖББМ) жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар әдістемелік шараның өзектілігін, пайдалылығын және уақытылылығын атап өтті. Аяқталғаннан кейін ұсыныстар жарияланып, қорытынды шығарылды. Аудандық семинарды өткізуге қолайлы жағдай жасаған мектеп әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.