2024 жылғы 1 маусымда аудан орталығында «Алтын балалық шақ» облыстық тұжырымдамасына сәйкес және балалық шақты қорғау онкүндіктің іс-шаралар жоспары жөніндегі аясында Қ. Әлсейітов атындағы аудандық мәдениет үйінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған жас железиндіктер үшін мерекені ауданының білім беру бөлімі ұйымдастырып өткізді.
Бағдарламада көңілді ойындар, үлкен қуыршақтар қатысуымен флешмобтар, әрине, орталық №1, №2, №3 мектептер, балалар өнер мектебінің педагогтары мен оқушыларының, аудандық мәдениет үйінің күшімен дайындалған концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мерекені өткізуге «Айбат» жастар орталығы, балалар жасөспірім спорт мектебі, аудан орталығының балабақшалары және Железин кітапхана жүйесі қатысты. Бүкіл бағдарлама аралдарға саяхат түрінде ұйымдастырылған. Осылайша, балалар өздерінің таланттарын музыкалық аралда көрсете алды, жұмбақтар аралында жұмбақтар шешті, қолөнершілер аралында қолөнер жасады және тағы басқалар. Сондай – ақ, аквагрим мен фотоаймақ, «Әкем, анам және мен-шығармашылық отбасы», «Саусақ ұшындағы әлем», «Кішкентай балалар – үлкен таланттар» балалар суреттері мен сәндік-қолданбалы жұмыстар көрмелері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, мерекеге «Dinara tattileri» ЖК, «Оспанов» ЖК, «Каприз» фото салоны қатысып, кішкентай железиндіктерге тәттілер мен ойын-сауық ұсынды. Түскі астан кейін балаларға арналған мультфильм мен дискотека ұйымдастырылады.
Бұл іс – шара «Алтын балалық шақ» онкүндігінің іс-шаралары тұрғысынан бірінші болып табылады. Ауданның білім беру бөлімі іс-шараны дайындауға және өткізуге қатысқан барлық ұйымдарға алғысын білдіреді.