18 қазан күні №2 ЖОББ мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Ә.Марғұлан атындағы ППУ және ЖОО-ға дейінгі дайындық және кәсіптік бағдар беру кафедрасының мұғалімдері 9-11 сынып оқушылары үшін «Қазақстандағы жоғары білім: мүмкіндіктер мен перспективалар» көшпелі ақпараттық сессия өткізді. Аудан орталығындағы мектептердің оқушылары мен ресурстық орталық сессияна келген 9-11 сыныптардың 130-дан астам оқушылары қатысты.
Кездесу басында оқытушылар талапкерлерді ППУ мамандықтары бойынша қызықтыратын мәліметтермен таныстырды. ЖОО-ға дейінгі дайындық және кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Г.М.Мусанова оқушыларымен әңгімелесу түрінде қызықты кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізіп, балалардың үлкен бағасын алды. Болашақ түлектер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, қызығушылық танытты, сұрақтарға толық жауаптар алды.