Жаңалықтар
2024 жылдың 27 ақпанында Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім бөлімінің «Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББМ» КММ-де «Білім үрдісін жетілдіру арқылы өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбындағы республикалық семинар-практикум өтті. Барлық облыс пен қала, аудан мен ауыл мектептерінен мұғалімдер қатысты. «Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББМ» КММ басшысы Ш.Д.Кариеваның бастауымен семинар салтанатты түрде […]
Аудандық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 23 ақпанда «№ 2 ЖББОМ» КММ базасында «Педагог-психолог, әкімші, тәлімгер — өзара әрекеттестіктегі ынтымақтастық» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтті. Семинарға қатысушылардың жалпы саны-65 адам. Семинар жұмысына мектеп басшыларының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, аға тәлімгерлері, шақырылған қонақтар — М.Дулатұлы ат. № 3 ЖОББМ-нің «Даналық мектебі» клубының белсенді қатысушылары қатысты. […]
Аудан әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 22.02.2024 жылы Алакөл ЖОББМ шағын орталығында «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында аудандық тәрбиешілер арасында семинар өткізілді. Семинарда Абай НЖББМ шағын орталық тәрбиешісі Бектурова А.Б., «Ш. Уәлиханов атындағы ЖОББМ» шағын орталық тәрбиешісі Ибрагимова Н.А., Жаңа жұлдыз ауылының «Бөбек» шағын орталығының тәрбиешісі Исенова Б.Т., Алакөл ЖОББМ шағын орталық тәрбиешілері: Джагапарова А.К., Кожамбаева А.А. […]
«Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Әжем, анам және мен» республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» жұмысын ұйымдастрыу және қызметін кеңейту бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату. Байқауда мектепке дейінгі және мектеп алды сыныптардан қыздар отбасылық құндылықтарын […]
2024 жылдың 23 ақпанында Железин ауданының білім беру бөлімі Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп Железин №1 орта мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдеріне ББЖМ-ға дайындық мәселесі бойынша қашықтық форматта кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында мониторингке дайындық барысы, туындаған мәселелер мен шешу жолдары талқыланды.
2024 жылғы 19 ақпанда Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығында білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәлімгерлермен жұмыс кездесуі өтті. Отырысты ББДИО басшысы Б.Т.Аушахманова жүргізіп, мектепішілік бақылау мәселелері бойынша жетекшілік ететін мектептерді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыруға баса назар аударды. Кездесуге білім беру бөлімінің әдіскері Г.А.Машкова қатысты.
2024 жылдың 20 ақпанында білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету бойынша менторларымен, басшыларымен республикалық қашықтық форматта жиналыс өткізілді. Әдістемелік жиналысты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов жүргізді. Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Думан Набильевич Сапаков слайд-презентациясын көрсете отырып, мектептің даму жоспарын әзірлеу және жүзеге […]
2024 жылғы 16-17 ақпанда Білім және ғылым қызметкерлерінің X кәсіподақ спартакиадасы өтті, ол 100-ге жуық спортшы-педагогтарды біріктірді. X кәсіподақ спартакиадасын «Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрағасы Наурызбаева Гульбарам Ауезхановна ашты. Спорттық іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, мұғалімдер арасында шаңғы және шана спортын дамыту және, әрине, биыл өзінің 100 жылдығын атап […]
2024 жылғы 16 ақпанда Павлодар облыстық АИТВ- жұқпасының алдын алу орталығының маманы Айгерим Еркиновна Ариновамен бірге Железин ауданының 8-11 сынып қыздарына арналған «АИТВ-жұқпасы және оның алдын алу шаралары» тақырыбында қашықтық форматта семинар өткізілді. Маман Аринова А.Е. жасөспірімдермен АИТВ- жұқпасының негізгі таралу жолдарын, жұқпасынан қорғау жолдарын және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сақтау мәселелерін талқылады. Облыстағы эпидемиологиялық […]